9 желтоқсан қарсаңында Норман форматындағы саммит басталмай тұрып Елисей сарайы алдында ерекше оқиға болды. Журналистер тобы арасынан жартылай жалаңаш киінген әйелдер шығып, "Путиннің соғыстарын тоқтат!" деп айқайлады деп хабарлайды NUR.KZ.
Бір қызығы, жанжал шығарушы топтағы қыздың денесінің бірінде "Stop Putin's wars!" деп жазылса, екіншісінің қолында "Соғыс жетекшісі Путин, қош келдің" атты плакат болды.
Бұл туралы BBC Moscow басылымының журналисті Сара Рейнсфорд Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
Оның мәліметінше, француздық құқық қорғау органдары тәртіп бұзушыларға жылдам жауап қайтарып, бұзақыларды ұстап, оларды белгісіз бағытқа алып кеткен.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, қыздар тіркеуден өтпеген Femen деп аталатын әйелдер қозғалысына кіреді.
Олар Ресей басшысының агрессивті сыртқы саясатына қарсы заңсыз әрекет жасаған.
Еске сала кетсек, "норман төрттігі" бірнеше жылдан кейін алғаш рет кездесіп отыр.
Германия, Ресей, Украина және Франция басшылары кездесу қорытындысын ресми мәлімдеді деп жазады РИА Новости басылымы.
Мәлімдеменің 3 тармақтан тұратыны айтылды: "Қақтығыс аймағындағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар", "Минск келісімінің саяси ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар" және "Жалғастыру".
Саммит аясында Ресей мен Украина басшылары жеке танысты. Кездесу абыржып басталды. Зеленский ортақ үстелдегі ресейлік көшбасшының орнына отыра жаздаған.