$ 444.22  476.38  4.82

Жаппай ереуілге қарамастан Франция үкіметі зейнет жасын 64-ке дейін ұлғайтты

Реформаға 1975 жылы және одан кейін дүниеге келген тұрғындар ғана ілігеді екен.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Франция үкіметі жаңа зейнетақы реформасын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Хабар 24» арнасына сілтеме жасай отырып.

Жаңа заң реформасында халықтың зейнетке шығу жасын 62-ден 64 жасқа дейін ұлғайтуды көзделген. Дегенмен, бұл реформаға 1975 жылы және одан кейін дүниеге келген тұрғындар ғана ілігеді екен.

Франция билігі осы арқылы зейнетақы жүйесіндегі қаржы тапшылығын жоймақ. Себебі, 2025 жылы ол көрсеткіш 7 миллиард еуродан асып кетуі мүмкін деп болжайды. Әйтсе де, өткен аптадан бері халық бұл бастамаға қарсы жаппай ереуілдер ұйымдастыруда.

Айтуларынша, жаңашылдықтар біраз халықты жеңілдіктерден айырады. Сондықтан наразылық акциялары елдің 100-ден астам қаласында өткен. Жалпы, Франция премьер-министрінің хабарлауынша, зейнетақы реформасының жобасы келер жылдың ақпанында Парламентте талқыланады. Ал тиісті заң 2022 жылдың 1 қаңтарында күшіне енбек.     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары