Жалғызбасты ана - ағылшындықтардың Хэмпшир графтығына қарасты Саутгемптон қаласының тұрғыны. Ол денсаулығына қауіп төнетінін айтқан дәрігерлердің ескертуіне қарамастан, 10 баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, The Mirror-ға сілтеме жасап.
Соня О Лафлин (Sonya O’Loughlin) әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үкімет берген 4 бөлмелі пәтерде тұрады. Жалғысбасты ана балаларына қараймын деп, жұмыс істеуге үлгермейді. Көпбалалы ананың таңы 6:30-да басталады. Балаларын сабақтарына жеткізіп болған соң супермаркетке барып, мектептен келетін балаларына тамақ дайындап қою үшін азық-түлік сатып алады.
Ол қазіргі кезде балаларын әлеуметтік жәрдемақымен асырап отыр. Соня пәтер жалдау үшін айына 179 фунт төлейді және тамақ алуға апта сайын 130 фунт жаратады. Ағылшын әйел ақша үнемдеу үшін қажетті заттардың бәрін көтерме бағамен сатып алады екен.
Оның айтуынша, қолайлы, жақсы жұмысы жоқ адамдар өзі сияқты ақша үнемдеп күнелтуі керек. Оныншы баласына жүкті кезінде дәрігерлер оған босанудың аса қауіпті, денсаулығына зиян боларын ескерткен. Бірақ, бұған қарамастан, 10 сәбиін дүниеге әкелуден қорықпапты.
Барлық баласын дүниеге әкелгенде де ешқандай контрацептикалық дәрі-дәрмектер мен процедураларға жүгінбей, өз күшімен босанған.