Американың Мичиган штатында Дор Фрончик деген жаңа туған нәрестені бұдан 55 жыл бұрын ұрлап кеткен. Осы оқиға аясында 55 жыл бұрын үлкен шу болған еді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Lenta-ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
1964 жылдың сәуір айында Дор Фрончак есімді ұл бала дүниеге келген. Келесі күні сәби жатқан аурухана палатасына мейірбикенің формасына ұқсас ақ киім киген әйел бас сұғады. Ол жаңа туған нәрестені дәрігерге апарып қарату керек деген сылтаумен сәбиді алып ізін суытқан. Содан кейін ата-анасы балаларынан көз жазып қалады. Осы уақытқа дейін балаларын бірде-бір рет көрмеген.
Баланы іздестіруге полиция, федеральдық тергеу бюросы, тіпті, пошташылар да атсалысады. Екі жылдан кейін Нью-Джерси қаласында ұрланған балаға ұқсас далаға тасталған баланы осы іспен айналысып жүргендер тауып алады. Әлгі баланы тексеріп, барлық процедураларды жасап, өзінің анасына қайтарады.
Бұдан кейін федеральдық тергеу бюросы ұрланған баланы іздестіруді қайта жалғастырады. Іздеу нәтижесінде, бірнеше ай бұрын агенттік өкілдері ұрланған дәл сол баланы ақыры тапты.
Анықталғанындай, сәби есімін өзгертіп, басқа атқа ие болыпты. Ол Мичиган штатының тұрғыны болып шықты. Ол 55 жаста, қатерлі ісік дертіне шалдыққан.
Әзірге оны кім, қалай ұрлағаны туралы нақты ақпаратттар болмағандықтан іс әлі жабылған жоқ.