$ 498.51  522.84  4.81

Экс-күйеуін аңдыған келіншекті полиция ұстап әкетті

Америкалық ер адам қуыршақты басып қалған кезде өз дауысын естіп, өзін біреудің аңдып жүргенін сезіп қалады.
фото: lenta.ru
фото: lenta.ru

Американың Нью-Джерси штатына қарасты Хакеттстаун қаласында тұратын бір келіншек бұрынғы күйеуін жұмсақ ойыншықтың көмегімен аңдыған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, The Sun дереккөзіне сүйеніп.

33 жастағы Хизер Бэмборд баласының қолына Микки Маус деп аталатын жұмсақ ойыншықты ұстатып, бұрынғы күйеуі Доминикке жібереді. Келіншек ойыншықтың ішіне дыбыс жазатын құрылғыны орнатып қояды. Америкалық ер адам қуыршақты басып қалған кезде өз дауысын естіп, өзін біреудің аңдып жүргенін сезіп қалады. Сондықтан ол 15 желтоқсан күні кешкісін полицияға шағымданады.

Арада төрт күн өткенде полиция Доминикті аңдып, тың тыңдағаны үшін Бэмбордтты айыпты деп танып, ұстап әкетті. Әзірге келіншектің бұрынғы сүйіктісін қанша уақыттан бері аңдып жүргені белгсіз. Тергеу жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары