$ 494.87  520.65  4.91

Бір жігіт 4 жасар баланы иттің шабуылынан құтқарып қалды (ВИДЕО)

Кадрларда иттің әйелге тап беріп, одан кейін кішкентай баланы асфальт жолға сүйрелеп, тістелеп жатқаны көрініп тұр.

Бразилияның 20 жастағы тұрғыны Патрик ду Сеу 4 жасар бала мен оның тәрбиешісін бір өлімнен аман алып қалды. Ол көшеде питбуль тұқымдас иттің кішкентай бала мен тәрбиешісіне шабуылдап жатқан сәтін байқап қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Life.ru-ға сілтеме жасап.

Оқиға Рио-де-Жанейро қаласында болды. Бұл жағдай көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрларда иттің әйелге тап беріп, одан кейін кішкентай баланы асфальт жолға сүйрелеп, тістелеп жатқаны көрініп тұр.

Жігіт екеуін иттің шабуылынан құтқаруға келген кезде, 4 жасар Джоао Педроға хайуан мықтап жабысып алады. Сондықтан Патрикке баланы құтқару оңайға соқпайды.

Баланы аман алып қалған Патрик оны автокөліктің төбесіне шығарып, өзі де баланың жанына барды. Себебі, ит Патриктің ізінен қалмай қабуға әрекеттенген.

Көшеде басына қауіп төнген адамдарға көмектескен қайырымды Патриктің екі жасар қызы бар. Ол осы оқиғадан кейін көмек келгенше жарты сағаттай көліктің төбесінде отырғанын айтты. Оларды ауруханаға жеткізгенде, денелеріндегі жарақаттарын тіктіртуге мәжбүр болды. 

Баланы құтқарған жігіттің қолы мен аяғында, ал кішкентай Жоао балақайдың мойнында жарақат болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ит #бала