$ 441.66  475.14  4.86

Ұлының шашына көңілі толмаған әке шаштаразды тапаншамен жайратты

Ер азамат оқиға орнынан көлігіне мініп қашып кетіпті.

АҚШ-тың Техас штатындағы Кейти қаласының тұрғыны баласының шаш үлгісіне көңілі толмағандықтан, шаштаразды атып тастады, деп хабарлайды Stan.kz.

Таяуда ер-азамат өзінің баласының шашын қиған шаштаразбен сөзге келіп қалыпты. Баланың әкесі ұлының шаш үлгісін ұнатпаған көрінеді. Салдарынан ол шаштаразбен ерегесіп, артынша оны тапаншамен жайратып салыпты. Ер-азамат оқиға орнынан көлігіне мініп қашып кетіпті. 

Шаштараздың денесінен тапаншаның үш оғы табылған. Дегенмен, дәрігерлер оның өмірін аман алып қалған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары