$ 498.34  519.72  4.85

Қытай қарызын қайтара алмаған Қырғызстанның бір зауытын тартып алды

Қытай тарапы аталмыш зауыт жанынан жаңа өндірістік база жасақтап, жылына 200 мың тонна арматура мен ауыр металл өнімдерін жасамақ. Ол жобаға 50 млн доллар құю көзделіп отыр.
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

Қытайдың Қырғызстандағы «Металл-Кен» компаниясы «Қайыңды кабель шығару зауытын» тартып алды. Оған қырғыздардың Қытайдан алған несиесін уақытында қайтара алмауы себеп болып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, bugin.kz- ке сілтеме жасап. 

Бішкектен 70 шақырым алыста орналасқан бұл зауыттың қытай компаниясының қол астына өткені Қырғызстан премьер-министрінің Шу облысына жасаған сапарында белгілі болды.

Қытай тарапы аталмыш зауыт жанынан жаңа өндірістік база жасақтап, жылына 200 мың тонна арматура мен ауыр металл өнімдерін жасамақ. Ол жобаға 50 млн доллар құю көзделіп отыр.

Енді жаңа кәсіпорынды Қытай тарапы биыл іске қосуды жоспарлауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары