$ 494.87  520.65  4.91

Белгісіз біреу көшедегі адамдарды пышақпен жарақаттап, біреуін өлтіріп тастады

Басылымның хабарлауынша, полиция шабуыл жасаған адамды атып өлтірген.
фото: Almaty.tv
фото: Almaty.tv

Париждің оңтүстігіндегі 8 шақырым жерде орналасқан Вильжюифе елді мекенінде белгісіз біреу өтіп бара жатқан адамдарды пышақпен жарақаттады. Салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат, ВВС-ге сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, полиция шабуыл жасаған адамды атып өлтірген. Оның не себепті бұндай әрекетке барғаны белгісіз.

«Оқиға жұма күні жергілікті уақытпен сағат 14:00 кезінде болды. Шабуыл жасаушы кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарды пышақтап өлтірмек болған. Ал қаза тапқан тұрғындардың бірі 56 жастағы ер адам саябақта әйелімен қыдырып жүрген және оны қорғаймын деп көз жұмған» деп жазады басылым.

Францияның терроризммен күрес прокуратурасы оқиға орнын зерттеп, қылмыскердің аты-жөнін анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары