Егер Иран АҚШ-қа немесе оның азаматтарына қауіп төндіретін қандай да бір іс-әрекетке барса, Вашингтон жалтақтамай, мемлекет қазынасына 2 триллион долларға түскен қару-жарақтың жаңа түрін Тегеранға қарсы қолданады, деп мәлімдеді АҚШ президенті.
Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан агенттігі хабарлады.
«Америка Құрама Штаттары жақында ғана әскери техникаға 2 триллион доллар жұмсады. Біз әлемдегі ең іріміз және сөзсіз ең үздікпіз! Егер Иран АҚШ базасына немесе кез келген жердегі америкалық базаға шабуыл жасаса, біз оларға қарсы жап-жаңа, тамаша жабдықтың бір бөлігін еш ойланбастан қолданамыз!» деп жазды Дональд Трамп өзінің Twitter парақшасында.