Австрия үкіметі азық-түлік дүкендерінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бірақ, әлі де пайдалануға жарамды азық-түлік тауарларын қайырымдылық ұйымдарына бұрынғыдай сатудан гөрі ақысыз түрде беру міндеттемесін заңдастыруға ниетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ТАСС-қа сілтеме жасап.
Бұл бастама «Азық-түлік қалдықтарына қарсы іс-қимыл жоспары» деп аталған. Ол дегеніңіз тамақ өнімдерін өндірушілерден бастап, қайырымдылық ұйымдарына дейін таратудың тұтас жүйесін құруды білдіреді.
Бірақ, негізгі жауапкершілік бөлшек сауда желілеріне жүктеледі. Жарамдылық мерзімі өткен болса да, оларға әлі де жеуге болатын тамақ өнімдерін тастауға тыйым салынған.
Ұлттық үйлестіру орталығының «кешіктіруді» бөлумен айналысатындығы атап өтілді. Оның мамандары кіретін өнімдердің нормалар мен сапа стандарттарына сәйкестігін тексеруі керек. Жоба мұндай жүйе бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Франция тәжірибесіне негізделеді.