$ 444.22  476.38  4.82

Қалыңдық көйлегінің етегіне «құрбан» ретінде жаңа туған баланы байлап, сүйреп әкелді (ФОТО)

Жиналғандардың ешбірі де қалыңдық көйлегінің етегінде жатқан сәбиді көтеріп алған жоқ.
Фото: Reddit.com
Фото: Reddit.com

Қалыңдық жаңа туған сәбиді той көйлегінің етегіне байлап әкелді де құрбандығын сүйретіп жүрді. Бұл оқиға туралы Reddit-те жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тойға келгендер қалыңдыққа және оның етегіне байланып, сүйретіліп келген балаға таңдана қарады. Бірақ, жиналғандардың ешбірі де қалыңдық көйлегінің етегінде жатқан сәбиді көтеріп алған жоқ. Мұны көрген желі қолданушылары баланы тірі емес деп ойласа, енді бірі қонақтардың бұл жағдайда түк істемей тұрғандарына наразылық білдірді.

Кейіннен суреттегі үйлену тойы 2014 жылы АҚШ-тың Теннеси қаласында болғаны анықталды. Бірақ, сол кездегі тосын құбылыс енді ғана желіге жүктеліп, көптің назарын аудартып отыр. Содан кейін қалыңдық әрекетін сынағандардың алдында ақталып, "сәбидің жағдайы жақсы" деп көпті сендіруге тырысып бақты. Ақталғанымен қоймай, Иисус оның ісінде ағаттық жоқ екендігін және салтанатты шараның жақсы өткенін айтты деп өз әрекетін сөзбен жуып-шайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары