12.01.2020, 03:28

50-ге жуық адамы болған кеме апатқа ұшырап, 12-сі қайтыс болды

Фото: Грекия жағалау күзеті қызметі
Қазір апат болған аумақта іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Сенбі күні Грекия маңындағы Пакси аралдарына жақын тұста заңсыз мигранттар отырған кеме Ион теңізіне батып кетті. Бұл туралы Грекияның жағалау күзеті хабарлаған, деп жазады Azattyq Rýhy.  

Қайғылы оқиға аралдың оңтүстік-шығысынан 13 миль қашықта болған. 

Жағалау күзетінің мәліметінше, 21 адам құтқарылған, 12 адам суға батып мерт болған. Кемеде 50-ге жуық адам болған деген де мәлімет тарауда.

Қазір апат болған аумақта іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Оған жағалау күзетінің алты күзет кемесі мен жақын маңдағы аралдар билігі де атсалысуда, сондай-ақ, екі тікұшақ пен әскери-теңіз флотының бір кемесі жұмылдырылған.

Жағалау күзеті құтқарылған үш мигранттың тікұшақпен ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.

Тегтер: кеме