Индонезияның Бейжіңдегі елшілігінің хатшысы Ихсан Фирдаус Қытайға индонезиялық қыздардың заңсыз жолмен тасымалданып, күштеп қалыңдық ретінде сатылып жатқанын қозғады, деп хабарлайды bugin.kz.
Аталмыш қылмыстың ондаған жылдар бойы жүзеге асып келе жатқанына қарамастан, соңғы екі жылда оның көлемі ондаған есе артқан. Қытайдағы Индонезия елшілігінің мәліметінше, қыздардың әрқайсысын 28 мың доллардан сататын қылмыстық топтар бар екен.
«Сіздер ойлап көріңіздер, ол топтардың мақсаты – ақша табу, ал қалыңдық ретінде сатылған қыздардың тағдыры ешкімді алаңдатпай отыр», - деді Ихсан Фирдаус.
Сатылған қыздардың арасында кәмелеттік жасқа толмағандары да жетерлік. Бүгінгі таңда олардың саны бірнеше мыңнан асып түседі.
Индонезия елшілігі ендігі басты мәселе Қытай билігімен келісе отырып, қылмыстық топтарды құрықтауды қолға алу дейді.