13.01.2020, 09:20

Ирактағы АҚШ-тың әуе базасы оқтың астында қалды

Фото: Stan.kz
8 зеңбірекпен Бағдаттағы әуе базасын көздеп, оқты қарша боратыпты.

Ирактың солтүстігінде орналасқан "Балад" әуе базасы шабуылдың астында қалды. Шабуыл жасалынған базада америкалық әскерилер мен қару-жарақтар орналасқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ирак әскерилерінің мәлімдемесіне иек артсақ, белгісіз біреулер "Катюша" оқ ату қондырмасы арқылы 8 зеңбірекпен Бағдаттағы әуе базасын көздеп, оқты қарша боратыпты.

Шабуыл кезінде ұшқан оқтың 7-еуі ұшып-қону жолағына тиіп, Ирактың 4 әскери азаматы жарақат алған. Олардың қатарында 2 офицер бар.

АҚШ-тың орталық басқару аппаратының ресми өкілінің хабарламасына сүйенсек, америкалық әскерилер зардап шекпеген.Әзірге оқтың қай жақтан жаудырылғаны белгісіз.