Индонезия тұрғыны Набила Аз-Захра әлеуметтік желіге кіріп отырып, ата-анасының біраз жылдардан бері айтпай, жасырып жүрген құпиясын біліп қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
16 жастағы бойжеткен қыздың сөзінше, 6 қаңтарда оған достары twitter-ден өзіне ұқсайтын қыздың парақшасын көрсетіп, әлгі қызды "Сенің егізің сияқты" деп айтқан. Ал, Аз-Захра болса, бұл интернет шабуылдаушыларының әрекеті деп түсінген.
Осы оқиғаның ертесіне оған instagram арқылы Надя есімді қыз: "Саған біз екеуміз ұқсас көрінбейміз бе?", - деп хат жазады. Желідегі құрбысынан күтпеген хат алған ол, Надямен видео арқылы жақын сөйлесе келе, екеуінің талғамдары ұқсас екендігін біледі.
Надя екеуміз егізбіз деп ойлайды. Содан кейін Аз-Захра ата-анасынан өзі жайлы сұрай бастаған. Нәтижесінде, ата-анасы қызды асырап алғандарын мойындап,олардың биологиялық ата-анасының екі қыздан бөлек тағы бір егіздері бар екендігін айтады. Оған қоса, туған ата-анасы үш баланы асырауға шамасы келмегендіктен, бауырларын балалар үйіне тапсырғаны белгілі болды.
"Егізімді кездестіргеніме қуаныштымын, бірақ, басқа бауырларым үшін уайымдаудамын", - деді кенеттен егізін тапқан бойжеткен.