$ 443.85  474.3  4.8

Танымал олигархтың экс-әйелі тағы да миллиардерге тұрмысқа шықты (ФОТО)

Үйлену тойына 6,5 миллион доллар (2 жарым млрд теңгеден астам) жұмсаған.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Атақты байшыкеш, ресейлік миллиардердің бұрынғы әйелі Дарья Жукова тағы да тұрмысша шықты. Үстіне ақ көйлек киіп, қалыңдық атанған Роман Абрамовичтің бұрынғы келіншегі бұл жолы грекиялық азаматпен некесін қидырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Daily Mail-ға сілтеме жасап.

 Роман Абрамовичтің бұрынғы әйелі миллиардерге тұрмысқа шыққан.Олардың тойы өткен жылдың қазан айында заңды түрде тіркеліпті. Үйлену тойына 6,5 миллион доллар (2 жарым млрд теңгеден астам) жұмсаған.

Кіл қалталылар басқосқан той күйеужігіттің отбасының меншігіндегі Швейцариядағы Санкт-Мориц тау-шаңғы курортында орналасқан қонақүйде өткен.Тойға келген қонақтардың арасында атақты дизайнер Стелла Маккартни, америкалық актриса Кейт Хадсон және британиялық ханшайым Беатри болыпты. 


 Естеріңізде болса, Дарья Жукова мен Роман Абрамович 2017 жылы ажырасқан еді. Екеуінің Аарон-Александр (2009 жыл) деген ұлы мен Лея (2013 жыл) атты қызы бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары