$ 444.22  476.38  4.82

Жанартаудың атқылауына қарамастан үйленген ерлі-зайыптылардың әрекеті жұртты таңқалдырды

Тіпті, фотографтардың көмегіне жүгініп, жанартаудың атқылап жатқан сәтін ұтымды пайдаланып, мәңгі есте қаларлықтай суретке түсіп алыпты.
Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru

Өткен жексенбіде Талль жанартауы атқылай бастаған. Табиғаттың тосын мінезі ғашықтардың некелесуіне кедергі келтіре алмады. Себебі, ұзақ уақыттан бері үйлену тойларына дайындалған Чино және Kэт Вафлор өздерінен 20 шақырым жерде жанартау атқылап жатқандығына қарамастан үйленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олар үйлену тойларын жақсы өткізу мақсатында бірнеше ай бойы дайындалған. Жанартау Манила мемлекетіндегі Лурсон аралында орналасқан. Табиғаттың жайсыз мінез танытуынан кейін жергілікті тұрғындар жедел түрде эвакуацияланды. 

Ғашықтар, қолайсыз ауа райына қарамастан, таудан атқылаған отты өз пайдаларына жарата білген екен. Тіпті, фотографтардың көмегіне жүгініп, жанартаудың атқылап жатқан сәтін ұтымды пайдаланып, мәңгі есте қаларлықтай суретке түсіп алыпты.
 
Айтпақшы, абырой болғанда жас жұбайлардың тойына келген қонақтардың ешқайсысы да зардап шекпеген.
Бұл тойдың ерекшелігі, ерекше естелік суреттермен және жанартаудың атқылауымен қонақтардың есінде қалмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары