71 жастағы америкалық әнші Дэвид Олни Флорида штатындағы авторлық әндер фестивалінде сахнада отырып көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Variety.com-ға сілтеме жасап.
Біраз жасқа келсе де сахнаға шығып жүрген Олнидің концерті 18 қаңтар күні болған. Әнші сахнада орындықта ән айтып отырған сәтте өзін жайсыз сезіне бастаған. Бірақ, көрермендер мен әріптестері әншіні шаршап, демалғысы келіп отыр деп ойлаған екен. Сондықтан, оған көмек қажет екенін ешкім білмей қалған.
Кенет өзін жайсыз сезіне бастаған кезде әнші халықтан кешірім сұрап, басын төмен түсірген.
Кейіннен музыканттар жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсетуге тырысқанымен, өнер иесін аман алып қалу мүмкін болмапты.
А