20.01.2020, 14:40

«Масқаралау алаңы»: қытайлық компаниялар нашар жұмыс істеген басшыларды ерекше әдіспен жазалады (ВИДЕО)

"Regnum.ru" басылымы жазғандай, олардың бұл әрекеті "Масқаралау алаңы" деп аталады екен.

19 қаңтарда қытайлық компанияның жұмыс қорытындысын "ерекше" өткізіп жатқаны туралы желіде видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Regnum.ru" басылымы жазғандай, олардың бұл әрекеті "Масқаралау алаңы" деп аталады екен. 

Жұмыс жоспарын дұрыс орындамаған орта шенді басшылар "Масқаралау алаңына" өтіп, олар жиналыс алаңынан  бірінен соң бірі еңбектеп, тізерлеп  өтеді де, «Мен қатедім түзеуге уәде беремін!» деп айқайлайды.

 "Ren.tv" порталы  Қытай компанияларының бірінде болған жазалау сәті түсірілген видеоны жариялады. Видеода жазалау сәтінде компания қызметкерлері көше бойымен тізерлеп жүріп өткен. Видеодағы кадрлардан бір топ адамдардың жол бойымен тізерлеп, еңбектеп жүрген, ал олардың алдында ту ұстап өткен адамды байқауға болады.

Daily Mail хабарлауынша, компания  өткен жылы көздеген мақсатқа жете алмағандықтары үшін жазалаған.

Айтпақшы, қызметкерлер жазасын орындау кезінде полициялей келіп, олардың "масқаралау" әрекетін тоқтатқан.

 

Тегтер: жазалау Қытай