Азаттық радиосы Өзбек қызметінің Telegram-арнасына жолданған аудиотаспада шенеунік қарамағындағы қызметкерлерді балағаттағаны жазылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бес минуттық аудиотаспа өткен жылы қыркүйек айында жиналыста жазып алынған. Аудиотаспаны жолдаған қызметкердік айтуынша, жиналыста салық бөлімінің басшысы Нұрали Болтаев инспектор Әзізбек Ашуровты салық есебінен аз ақша жинағаны үшін сөккен.
«Ашуров, орныңнан тұр! Ашуров! Қанша жинағаныңды айт…», – деп сұраған Нұрали Болтаев.
Одан соң Болтаев орнынан тұрмай жауап берген инспекторды боқтаған.
«Әй, мен саған орныңнан түр дедім! Саңыраусың ба? Әкең…, ертең облыс басшысына қалай жауап бересің?» – деп жекіген Болтаев.
«Ай соңына дейін қалмайсың! Ертең базарға барып, екі метр арқан сатып ал да, асылып өл. Түсіндің бе?» – деп айқайлаған салық бөлімінің басшысы.
Дегенмен Нұрали Болтаев бұның барлығын жоққа шығарып отыр.
«Қазір кез келген адамның дауысын қолдан жасап алуға болады» деп ақталды шенеунік.