Instagram желісінің qazaqtar.world парақшасына қызық видео жарияланды. Онда «Глория» дауылы салдарынан Испанияның шығыс жағалауындағы қала көшелерінің теңіз көбігіне толғаны жазылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Күллі көшені басқан теңіз көбігінің биіктігі ересек адамның белінен келеді. Бір қарағанға бұл көрініс әдемі әсер қалдырғанмен, қатты дауылдың салдарынан әйгілі испан шипажайындағы ғимараттар мен ағаштар сынған. Одан бөлек, бірнеше адам қаза тапты.
EuroNews-тің хабарлауынша, өңірлерде желдің жылдамдығы сағатына 100 шақырымға жетіп, толқындардың биіктігі 7 метрге дейін көтерілген. Оған қоса, елдің кейбір жерлеріне циклонмен бірге мол қар жауған.