Әлем 24.01.2020 сағат 15:20

Экс-президенттің қызы «қаржыны қисапсыз шашты» деп айыпталды

Прокурор сот алдында жауап беруін талап етті.
Экс-президенттің қызы «қаржыны қисапсыз шашты» деп айыпталды
Фото: pixabay.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Анголаның бас прокуратурасы Африкадағы ең дәулетті әйел Изабель Душ Сантушқа (Forbes есебінше, байлығы – 2,1 млрд доллар) "ақша жымқырды, қаржыны қисапсыз шашты" деген айып тақты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Azattyg.org-қа сілтеме жасап.

46 жастағы Изабель Душ Сантуш – 1979-2017 жылдары Анголаның президенті болған Жозе Эдуарду Душ Сантуштың үлкен қызы.

Фото: Azattyg.org

22 қаңтарда Ангола астанасы Луандада бас прокурор Хелдер Питта Грос баспасөз мәслихатын өткізіп, Изабель Душ Сантуш "елдегі Sonangol (Сонангол) мұнай компаниясын басқарып тұрғанда 1 миллиард долларды жымқырды деген күдікке ілінгенін" айтты.

Прокурор қазір Ұлыбританияда тұратын Изабель Душ Сантушты Анголаға шақырып, сот алдында жауап беруін талап етті. Хелдер Питта Грос "Душ Сантуш елге өз еркімен оралмаса, халықаралық іздеу жариялайтынын" мәлімдеді.

Ангола экс-президенттің қызын "билігін асыра пайдаланды, жалған құжаттар жасады" деп те айыптайды және оның үстінен қылмыстық із қозғамақ. Қазір Изабель Душ Сантуштың Анголадағы активтері бұғатталған. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындамайды. Изабельдің пайымдауынша, оны 2022 жылы Анголада президент сайлауына түсірмеу үшін қазіргі билік үстінен іс қозғап отыр.

19 қаңтарда Журналистердің халықаралық зерттеу консорциумы (ICIJ) Изабель Душ Сантуштың қалай байығанын көрсететін мыңдаған құжатты жариялады. Онда Изабель Душ Сантуштың жер, мұнай және алмаз бойынша қымбат келісім-шарттарға қол қойып байығаны жазылған. Құжатта Батыс компанияларының Изабель Душ Сантушқа Анголадан ақша шығаруға көмектескені жайлы деректер бар. Құжаттардағы ақпаратқа сай, ол бұл әрекеттердің бәрін әкесі президент болып тұрғанда жасаған. Ал Душ Сантуш  болса, құжаттардағы деректердің бәрін жоққа шығарады.

Ескерте кетейік, Ангола конституциясына сәйкес,  ол жақта екі азаматтығы бар адам президент сайлауына түсе алмайды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар