24.01.2020, 17:40

Көшеден бір қорап ақша тауып алған адам олжасын банкке апарып берді

Фото: pixabay.com
"Менің орнымда кез келген адам осылай істейтін еді", - деп отыр.

Ішіне 27 мың доллар ақша салынған қорапты көшеден тауып алған адам олжасын банкке апарып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

 Оқиға АҚШ-тың Мичиган штатында болған. 21 қаңтар күні Джордж Кондэш көшеде орналасқан банкоматтың жанынан "40 мың доллар" деген жазуы бар қорапты байқап қалады. Әуелде өз көзіне өзі сенбей,  қоқыс салынған қорап шығар деп ойлапты. Бірақ, ішін ашып көрген соң ақшаны банк апарған.

 Ақша толы қораппен банкке келгенде қызметкерлерден "40 мың доллар үшін сыйақы беріле ме?" деп сұрайды. Банк алғыс ретінде оған ақшалай сыйақы табыстады. Ал банк қызметкерлері болса, оның адалдығына қайран қалған екен. Джордж болса, "Менің орнымда кез келген адам осылай істейтін еді", - деп отыр.

Жауаптылар ақшаның қайдан шыққанын зерттеп, банкке ақша жеткізген инкассатор қораптардың бірін байқаусызда көшеге қалдырып кеткенін анықтады. Бейнебақылау камераларының жазбаларына қарағанда, көшеде қалған ақшаға 20 минутта ешкім тиіспепті.   

Тегтер: ақша