Американың Пенсильвания штатында кішкентай қыз мектепке кездейсоқ жағдайда анасының секс-ойыншығын алып барған. Бұл туралы Lenta.ru-ға сілтеме жасап, Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.
5 жасар Майла Эйзенхауэр (Myla Eisenhower) анасының жеке заттарының арасынан жүзік секілді вибратор тауып алған және оны тастамай мектепке алып барған. Сол күні қыз секс-ойыншықты кәдімгі сағат, білезік секілді қолына тағып жүрген, ал үйіне қайтар жолда оны шешіп, досына сыйлаған.
Фото: Kahla Maneely-дің facebook парақшасынан
Осы оқиғадан кейін арада көп уақыт өтпей, Майланың досының анасы, оның анасына хабарлама жібереді. Сол кезде Майланың анасы қызының мектепке апаруға болмайтын затты апарып, досына сыйлап жібергенін білген.
"Не істерімді білмедім. Өмірімде бұлай ұялып көрмеппін. Қызымның мектептегі құрбысының анасынан хабарлама алғанда не деп жауап берерімді білмей, қатты ұялып, телефон бетіне 10 минуттай үңіліп отырдым. Айтарға сөзім жоқ. Мен әлгі қыздың анасының бәріне түсіністікпен қарағаны үшін қуаныштымын. Жанжал шығармағанына рақмет", - дейді Майланың анасы.
Айтпақшы, әлгі зат бүтін, әлі қолданылмаған болған. Осы оқиғадан кейін Майланың анасы Манила өзінің жеке интимді заттарын балалардың қолы жетпейтін жерге тығып қойған. Оған қоса, қызына біреудің затына тиісуге болмайтынын тәппіштеп түсіндіріпті.