$ 447.4  477.55  4.76

Ішінде атақты спортшы болғанда құлаған тікұшақтың суреттері пайда болды (ФОТО,ВИДЕО)

13 жастағы қызы қаза тапты.

 Желіде әйгілі америкалық баскетболшы Коби Брайант мініп, апатқа ұшыраған тікұшақтың суреттері пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Қайғылы оқиға жексенбіде таңғы уақытта Лос-Анджелес округіндегі Калабасас қаласының маңында болған. 

НБА бес дүркін чемпионы жаттығуға бара жатқан. Осы кезде борттан өрт шыққан. Бес адамның қаза тапқаны расталды. Сондай-ақ, баскетболшымен бірге әуе апатынан оның 13 жастағы қызы қаза тапты.

Коби Брайант карьерасын 2016 жылы аяқтаған. Ол "Лос-Анджелес Лейкерс" командасында 20 маусым бойында ойнап, бес рет чемпион атанды, 18 рет Жұлдыздар матчына қатысқан. Бір рет тұрақты чемпионаттың ең құнды ойыншысы әрі екі рет плей-офф финал кезеңінің құнды ойыншысы атанған. Баскетболшының жанкүйерлері гүл шоқтарын апарып жатыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тікұшақ