$ 444.22  476.38  4.82

Әлемге әйгілі Илон Масктың бір апталық табысы – 1,7 миллиард доллар!

Бұл – Tesla автомобиль бағасының өсуіне байланысты орын алған жаңалық.
фото: liter.kz
фото: liter.kz

Tesla мен SpaceX негізін қалаушы Илон Маск бір апта ішінде өзінің байлығын 1,7 миллиард долларға арттырды. Оның иелігінде қазір 32 миллиард доллар бар, деп хабарлайды Forbes.

Бұл – Tesla автомобиль бағасының өсуіне байланысты орын алған жаңалық. Жыл басынан бері баға 30%-дан астам өссе, өткен апта ішінде 16 пайызға көбейген. Нәтижесінде, Tesla-ның капиталы бірінші рет 100 миллиард долларға жетті.

Өнімді нәтиже Илон Маскқа Ford және GM нарықтық құны бойынша озып кетуге мүмкіндік берді. 49 жастағы оның байлығы 2019 жылдың қазан айынан бастап 10 миллиард доллардан астамға өскен. Айта кетсек, ол Tesla компаниясының 22 пайыз акциясына иелік етеді. Сонысымен әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде 28-орында тұр.

Егер Tesla-ның нарықтық құны алты айда 100 миллиард доллардан төмендемесе, Илон Маск одан да бай болады. Себебі, ол ондай жағдайда компаниядан тағы 346 миллион доллар алады.

Еске сала кетсек, биыл Илон Маск алдағы онжылдыққа арналған жоспарымен бөліскен еді. Ол Марсқа жылына 100 мың адамды жіберуге болатынына сенімді. Ол үшін сізге Starship ғарыш кемесі қажет. Олар күніне үш рейспен ұшып, 100 тонна жүк тасымалдай алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары