Әлем бойынша жыныс ауыстыру операциясы алғаш рет 1931 жылы Эйнар Вегенер есімді Дат елінің суретші, пейзаж өнерінің талантты өкіліне жасалған. Әуелі жарының өтінішімен әйел болып киінген суретші нәзік жыныстының рөлінен шыға алмай қалыпты. Жаңа рөлге енген ол бірте-бірте әйелдердің киімін үстінен тастамайтын болған. "Неліктен әйелдердің киімін киіп жүрсің?", - деп сұрағандарға ол, өзін әйел кейпінде өте жақсы сезінетінін айтыпты.
Фото:populaire.ru
Ақыры Эйнар жынысын ауыстыру мақсатында ота жасатып, есімін Лили Эльба деп өзгертеді.
Нағыз әйел болып, бала туғысы келген ол, екі жылда төрт рет операция жасатқан. Эльба трансплантацияланған жатырды мәжбүрлі түрде денесіне орналастырғандықтан көз жұмды (бұл оның бесінші операциясы болатын және әлемдегі алғашқы осындай операциялардың бірі) 13 қыркүйекте 48 жасында қайтыс болған.
Ақпарат уикипедиядан