Ата-анама қарсылық білдіремін деп шашын жумауға шешім қабылдаған Пэйдж Гозон 8 жылдан бері сусабын қолданбайды. Ол осы әрекетімен желі қолданушыларын таңқалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бойжеткеннің пайымдауынша, химиялық заттарды қолданбауының арқасында оның шашы тез әрі қалың болып өсе бастаған.
АҚШ мемлекетінің Солтүстік Каролина штатында тұратын қыз 2012 жылдан бері басын жууды тоқтатқан. Қазір 16 жастағы қыздың сөзінше, ата-анасы оны күнде кешкісін шашын жууға мәжбүрлеген. Ал ата-анасының бұл талабы қызға ұнамаған. Сондықтан оларға ерегісіп, шашын жумай қойыпты.
"Бастапқыда ата-анама наразылық білдіріп, шашымды жумай қойғанмын. Күнде шаш жуу жалықтыратын тірлік", - дейді желіде танымал аруға айналған Гозон.
Әуелде сусабынсыз бірнеше апта жүрген бойжеткен қашанға дейін басын жумай жүре алатынын ойлаған. Бір жылдан кейін оның бұл әрекеті қалыпты жағдайға айналған. Гозон сусабын қолданбай шашын жай сумен жуып, бұрымына балаларға арналған сеппені қолданады екен. Ешқандай химиялық заттарды қолданбай қойған қыздың шашы тез өсе бастаған.