23 қаңтарда Литва жеңіл пластик пакеттерді қолдануға тыйым салу туралы шешімді қабылдады. Депутаттар оларды таратқандарға 30 евродан 5000 евро көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік енгізетіні жөнінде шешім қабылдады.
Литвада заңды тұлғаларға, яғни, дүкендердің, супермаркеттердің иелеріне тұтынушыларға жеңіл пластик пакеттерін таратса қомақты соммада айыппұл салатын болады.
Мәселен, пластикалық пакеттер сататын адамдарға ескерту ретінде 30-60 еуро, пакеттерді сататын заңды тұлғалар 100-ден 200 еуроға дейін төлейді;
Жеңіл пластик пакеттерді тегін таратқаны үшін 1 еуродан 3 мың еуроға дейін айыппұл салу көзделген.
Егер де бірнеше рет заң бұзған болса, айыппұл мөлшері де үлкен болады, мысалы, 3000-нан 5000 еуроға дейін айыппұл арқалайды.
Литвада 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеңіл пластикалық пакеттерді сатып алуға, тегін таратуға тыйым күшіне енген. Алайда, айыппұл 2020 жылы енгізілді, сондықтан сатушыларға бейімделуге уақыт болды.
Қабырғасының қалыңдығы 15-50 мкм болатын пластикалық пакеттерге тыйым салынады.
Қалыңдығы 15 микронға дейінгі пластикалық пакеттерді таратуға болады. 33-тен астам мемлекет пластик пакеттерді қолдануға толық тыйым салған, 53 елде пластикалық пакеттерді қолдануға ішінара тыйым салынған немесе үлкен салық енгізілген.
Мұндай пакеттерге 2002 жылы тыйым салған алғашқы ел - Бангладеш.
Дереккөз: Bugin.kz