$ 449.58  486.94  4.86

Британдық боксшы Головкинді «жолы болмаған өліктер» қатарына қосып, жекпе-жекке шақырды

«Не боп жатыр? Жекпе-жек туралы келіссөз өткізейік. Ешкім үстіне жиналып қалған шаңын қаққысы келмей ме?» - деді Лиам Уильямс.
фото: bbc.co.uk
фото: bbc.co.uk

Орта салмақта WBO International титулына ие британиялық боксшы Лиам Уильямс (22-2-1, 17 КО) осы дививзиондағы бірнеше чемпионды жекпе-жекке шақырды деп хабарлайды Vesti.kz.

Атап айтқанда, ол америкалық Деметриус Андраде (WBO), қазақстандық Геннадий Головкин (IBF және IBO), тағы бір АҚШ боксшысыДжермалл Чарло (WBC) және отандасы Крис Юбенкпен (WBA Interim) жұдырықтасқысы келеді екен.

«Не боп жатыр? Жекпе-жек туралы келіссөз өткізейік. Ешкім үстіне жиналып қалған шаңын қаққысы келмей ме? Андраде, Головкин, Юбенк пен Чарло – бір топ жолы болмаған өліктер, әлсіз қарсылас таңдауды доғарыңдар!» деп жазыпты Лиам Уильямс, твиттер желісінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары