Лондонның оңтүстігінде болған теракт кезінде бірнеше адам пышақталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қала полициясының Twitter-парақшасына сілтеме жасап.
Шабуылдаған адамның көзі жойылғаны хабарланып отыр. Қанша адамның зардап шеккені белгісіз.
"Ер адамды Стретэм ауданында қарулы офицерлер атып өлтірді. Бұл кезеңде біз бірнеше адам пышақталды деген ойдамыз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, оқиға терроризммен байланысы бар деп жарияланды", - деп хабарлады ел астанасының полициясы.