Бразилия чемпионатының «Фигейренсе» мен «Аваи» (0:2) арасындағы матчта ыңғайсыз жағдай болды, деп хабарлайды vesti.kz.
Флорианополистік клубтың жанкүйері алаңға жүгіріп шығып, қарсыластар командасының қосалқы ойыншылары отырған орынға қарай жүгірді.
Осы сәтте «Аваи» клубының қосалқы қақпашысы ер адамды газонға құлатты, ал жартылай қорғаушы Бруну Силва оның басынан тепті.