Бокстан талай балуандарды дайындап жүрген америкалық бапкер және сарапшы Тедди Атлас "THE FIGHT with Teddy Atlas" подкастында Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) секілді спортшылардың арасында болған текетірес жайлы ойын жайып салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол мексикалық спортшының қазақстандық спортшыға жасаған құйтырқылығын әшкере қылды. Бапкердің айтуынша, Канелоның шашбауын көтерушілер Геннадиймен жекпе-жек өткізу үшін өздеріне ыңғайлы сәтті күтті.
"Альварестің командасы Головкинмен қолғап түйістіру үшін өздеріне ыңғайлы сәтті күткен. Барлығы осы жекпе-жектің өтуі қалаған кезде ғана бақ сынасты. Олар Головкиннің қартайғанын күтіп отырған. Оңтайлы сәтті тосуы бірнеше жылға созылды. Оның бабында болмай, еңкейе түскенін көрді, себебі, Головкин төмендей бастаған. Олар осы сәтті құр жібермеді. Әрине, бұл өте ауыр айқас", - деген Тедди Атлас, Канело командасының сырын айтып қойды.
Айта кетейік, Канело Геннадийді жеңген алғашқы мексикалық.