Ресейде оқитын әзірбайжандық студент қыз қалыпты адамдардікінен тыс өмірі, болмысы жайлы айтып берді. Лесбиян қыз Севгия Субхани-Исмаилованың сөзіне сенсек, тарихи отанында үш күн бойы шынжырға байланып, ит сияқты өмір сүріпті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Бойжеткеннің айтуынша, ол өз құқықтары үшін күресе бастаған сәттен бастап түрлі зорлық-зомбылыққа ұшырай бастапты. Қызының лесбиян екенін білген анасы оны Ресейден Әзірбайжанға алып кеткен екен.
«Мені соққыға жықты. Анам қатты ашуланып, мені аяқ киімге арналған ағашпен ұрып қалды. Үш күн бойы ит сияқты аяқтарым шынжырда байланып қалды. Тіпті, түнде де шынжырға байланып ұйықтадым», - деп жаны да тәні де қиналған күндерін есіне алған ару көрген қорлығын жайып салды.
Осы жағдайдан кейін Севгия қазіргі кезде анасымен араласуды тоқтатқан. Туған анасы қапалы қыз үшін "қара тізімде". Бұл күндері бар назарын оқуға аударған ол әлі де анасына ренжулі көрінеді. Ал Севгияның анасы болса, қызының туған елінен өз еркімен кеткенін айтты.
«Кавказда лесбиян немесе гей адам болу өте қиын, әрине. Тіпті, кейбір жерлерде ондай әрекеті, болмысы үшін қылмысты болуы мүмкін. Біз ол үшін қорықпауымыз керек. Қайта керісінше күресуіміз керек», - дейді отанынан кеткен қыз.
Айтпақшы, лесбиян қыз әлі күнге дейін туысқандарынан қорқады екен. Себебі, «олар - хайуандар!» деп отыр әбден қорқып қалған студент. Өзге елде отбасы мен туған-туыстарынан жырақ жүрген Севгия әрі қарай қалай өмір сүретін білмейді.
17 қаңтарда Севгияның айы оңынан туып, Әзірбайжаннан кетуге мүмкіндігі болғандықтан қашып кетіпті.