АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өткен бокс кешінде қызық жайт болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
42 жастағы Колин Сангстер есімді боксшы кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін салмағы 186 келі Эндрю Кейс-Алланға қарсы өткізді.
Бірінші раундта алып Аллан қарсыласын нокдаунға жібергенімен, Сангстер есін жиып, екінші раундта бір соққымен оның өзін сұлатып түсірді.