06.02.2020, 05:50

Кәсіпқой рингке алғаш шыққан боксшы 186 келі қарсыласын нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

Бірінші раундта алып Аллан қарсыласын нокдаунға жібергенімен, Сангстер есін жиып алды.

АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өткен бокс кешінде қызық жайт болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

42 жастағы Колин Сангстер есімді боксшы кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін салмағы 186 келі Эндрю Кейс-Алланға қарсы өткізді.

Бірінші раундта алып Аллан қарсыласын нокдаунға жібергенімен, Сангстер есін жиып, екінші раундта бір соққымен оның өзін сұлатып түсірді.

Тегтер: нокаут бокс