Ресей астанасының маңында тұратын 33 жастағы келіншек 11-ші сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды Nur.kz, Рамблерге сілтеме жасап.
Мәскеу маңындағы Малая Дубина ауылында 33 жастағы әйел 11-ші сәбиін өмірге әкелген.
Мәскеу облысы Денсаулық басқармасының хабарлауынша, нәрестенің салмағы үш келі, бойы 51 сантиметр. Босану процесі еш қиындықсыз өткен.
Келіншектің бұдан бөлек 5 ұл және 5 қызы бар. Баласының ең үлкені - 13 жаста.