07.02.2020, 09:20

Үндістанда көпқабатты үйдің шүмегінен ішімдік ақты

Фото: http://kz.el24.kz/
Телеарнаның хабарлауынша, жағымсыз иістің шыққанына тұрғындар бірден назар аударған және күмән тудырған суды пайдаланбаған.

Үндістандағы Керал штатында көпқабатты үй пәтерлерінің шүмектерінен ішімдік аққан. Бұл туралы ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

 Телеарнаның хабарлауынша, жағымсыз иістің шыққанына тұрғындар бірден назар аударған және күмән тудырған суды пайдаланбаған.

Жергілікті билік органдарына шағымданғаннан кейін, бұрын тәркіленген 6 мың литр алкогольдің үй маңындағы су жиналатын ұңғыманың қасына көмілгені анықталды. Топырақ арқылы ішімдік тұщы судың қайнар көзіне түсіп кеткен. Оқиғаның салдары жойылуда.