08.02.2020, 22:04

Таиландта сарбаз 17 адамды өлтіріп, тағы 16 тұрғынды кепілде ұстап отыр (ВИДЕО)

Фото: khaosodenglish.com
Соңғы мәліметтерге сәйкес, ол көлігімен жүріп көшедегілерге оқ атқан.

Таиландтың шығысындағы Накхон Ратчасима (Корат) қаласында әскери қызметші оқ атқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz Khaosodenglish.com порталына сілтеме жасап.

Алғашқы түскен мәліметтер бойынша атыстан кем дегенде 12 адам қаза тапқан.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, ол көлігімен жүріп көшедегілерге оқ атқан. Оқиғадан 17 адам қаза тапқан, тағы 16 адамды ол кепілде ұстап отыр. 

БАҚ мәліметінше, қаскөй сауда орталықтарының бірінде жасырынған. Ол өз шабуылын Facebook желісінде тікелей эфирде көрсеткен, кейін оның аккаунты бұғатталған.