Әлем 12.02.2020 сағат 10:40

Круиз лайнерінде коронавирус жұқтырғандардың саны 174-ке жетті

Бастапқы жоспар бойынша карантин 19 ақпанға дейін созылады.
Круиз лайнерінде коронавирус жұқтырғандардың саны 174-ке жетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Diamond Princess лайнерінің тағы 39 жолаушысы коронавирустың жаңа түрімен науқастанды, деп хабарлайды РФ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, РИА Новости

"39 адамнан жаңа коронавирус инфекциясы анықталды, олар медициналық мекемелерге жіберіледі. Осылайша, 174 адамнан коронавирус анықталды", - делінген ведомство хабарламасында. 

Жапония денсаулық сақтау министрі Като Кацунобудың айтуынша, вирустың жаңа түрі карантин қызметінің бір қызметкерінен анықталған.

Дүйсенбіден бастап коронавирус инфекциясын жұқтырған 65 адам тіркелген. Бастапқы жоспар бойынша карантин 19 ақпанға дейін созылады. Содан кейін адамдар кемеден кете алады. 

Жапонияда осыған дейін жаңа коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 161 жағдайы расталды. Оның ішінде 135 адам - Diamond Princess круиз лайнерінің жолаушылары мен экипаж мүшелері. Йокогама портына келіп тоқтағанда лайнерде 3700 адам болған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар