12.02.2020, 11:00

Аспан кеңістігінде жолаушылары бар ұшаққа найзағай түсті (ВИДЕО)

Фото: pixabay.com
Aer Lingus авиакомпаниясының рейсі жексенбіде Бирмингем әуежайынан Дублинге бет алған болатын.

Қолайсыз ауа райында ұшып келе жатқан жолаушылар ұшағына найзағайдың түскен сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ren-TV-ге сілтеме жасап.

Aer Lingus авиакомпаниясының рейсі жексенбіде Бирмингем әуежайынан Дублинге бет алған болатын. Ұшу кезінде "Сиара" дауылы көтерілгені анықталғанымен ұшақ ұшуын тоқтатпады. Видеодан ұшақтың жаңбырға төтеп бергенін, кейіннен оған найзағай түскенін көруге болады. Сол сәтте ұшақ сәл артқа ауытқып, ұшуды еш өзгеріссіз жалғастырды.

Әуе компаниясы ұшақ қонғаннан кейін найзағай соққанын растады. Осы оқиғаның салдарынан бортқа зақым келмеді және Дублинге аман-есен қонды.