$ 494.87  520.65  4.91

«Мәңгілік президент»: Ресейдің экс-президенттері өмірлік қызметке тағайындалатын болды

«Ол тек заң шығарушы және өкілдік функцияларды ғана емес, сонымен қатар, кадрлық мәселелерді, қауіпсіздік мәселелерін шешуге жауап береді», - дейді Павел Крашенинников.
фото: novosti-ru.ru
фото: novosti-ru.ru

Ресейдің бұрынғы президенттері Федерация кеңесіне өмір бойы кіре алады. Бұл – Ресей Федерациясының Конституциясына енгізілетін түзету жобасына ұсынылған шешім, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новостиге сілтеме жасап.

Түзетуге сәйкес, РФ-ның бұрынғы президенттері өкілеттілік мерзімі аяқталғаннан кейін немесе отставкаға кеткеннен кейін де өмір бойы Федерация кеңесінің мүшесі бола алады.

«Федерация кеңесінің мүшесі өкілеттігінен бас тарту құқығын сақтайды, сонымен қатар, бұл ұсыныстарды жұмыс тобының мүшелері түрлі елдердегі Парламенттің жоғарғы палаталарының тәжірибесін зерделеу негізінде бастама жасайды» делінген баспасөз хабарламасында.

Федерация кеңесі дегеніміз – өкілеттік мерзімі жоқ, бірақ, ротация жүйесінде жұмыс істейтін Ресейдегі федералды орган.

«Ол тек заң шығарушы және өкілдік функцияларды ғана емес, сонымен қатар, кадрлық мәселелерді, қауіпсіздік мәселелерін шешуге жауап береді. Сондықтан федералды құрамды нығайту, оның ішінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері арқылы Ресей Федерациясының өкілдері арқылы, жоғары деңгейдің мақсаттары мен міндеттеріне жауап береді», - деп түсіндірді Мемлекеттік құрылым және заңнама жөніндегі комитет төрағасы Павел Крашенинников.

Сондай-ақ, ол бұрынғы тәжірибелі мемлекет басшыларын Федерация кеңесіне енгізу арқылы ел мүддесіне үлкен пайда әкелетінін қоса айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары