Қытайда екі айлық нәресте коронавирустан айықты. Ол елдегі ем дарыған ең жас пациент ретінде тіркеліп отыр, деп хабарлайды People Daily басылымына сілтеме жасаған РИА Новости.
«15 ақпанда Гуйчжоу провинциясының ауруханасынан коронавирустың жаңа түрін жұқтырған төрт адам шығарылды. Олардың ішінде өмірге келгеніне небәрі 67 күн болған нәресте бар. Ол Гуйчжоуда коронавируспен ауырған ең жас пациент еді. Қазір құлан-таза айығып кетті», - делінген хабарламада.