$ 494.87  520.65  4.91

Короновирус өршігендіктен қарулы топ әжетхана қағазын ұрлап кетті

Тұтынушылар кеңесінің бас директоры жергілікті тұрғындарға әжетхана қағазын жаппай сатып алып, оны үйде сақтауға болмайтынын ескерткен.
Фото: scmp.com
Фото: scmp.com

Гонконгта әлемдік дүрліктірген коронавирустың таралуына байланысты тұрмыстық қажеттіліктердің жетіспеушілігі байқалуда. Осы алаңдаушылықты сәтті пайдаланған қарулы ұрылар 600 орам әжетхана қағазын жымқырып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Scmp.com басылымына сілтеме жасап. 

Бетперде киген үш адам  дүйсенбі күні таңғы сағат 6-да Гонконг қаласында орналасқан дүкендердің біріне зат жеткізіп түрған адамды дүкен алдында тонап кеткен. Олар құрбандарынан 50 қаптама әжетхана қағазын қарақшылық жолмен ұрлап кеткен. Осы оқиғаға қатысты, полиция дерегіне сүйенсек, әлгі ұрлықшылардың бірінде пышақ болған. Олардың 130 доллар шығын келтіргені белгілі болды. 

Естеріңізде болса, бұған дейін жергілікті БАҚ коронавирустың өршуіне орай, Гонконг тұрғындары тауар жетіспеушілігіне байланысты сыбыс тарағандықтан алаңдап, ең қажетті ет, күріш, жайма, әжетхана қағазын, сабын секілді заттарды жаппай сатып алып жатқаны туралы хабарлаған еді. Ал жексенбі күні Гонконг тұтынушылар кеңесінің бас директоры жергілікті тұрғындарға әжетхана қағазын жаппай сатып алып, оны үйде сақтауға болмайтынын ескерткен. Себебі, ылғалды ауа райының әсерінен ұзақ сақталған қағаз суланып, көгеріп кетеді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары