18.02.2020, 15:00

Футболшы түнде қызды зорлап, 9 рет пышақтаған

Фото: independent.co.uk
Қылмыс жасаған түні есірткі қолданған.

19 жастағы британиялық футболшы  Джозеф Тревор сот шешімінен өмір бойына түрмеде отыратын болды. Себебі ол, 18 жастағы қызды зорлап, артынша өлтіріп тастаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Daily Star басылымына сілтеме жасап. 

Кісі өлімі 2019 жылдың сәуір айында болған. Кісі қолынан өлген марқұм қыз Меган Ньютон жұмыстан шығып, "Kiln" деп талатын түнгі клубына барған. Сол клубтан қайтар кезде ол мектеп кезінен танитын Треворды кездейсоқ кездестіріп қалыпты. Содан екеуі қыздың үйіне барған. 

 Тревор бұрын да қыз зорлап жауап тартылған. Дегенмен, ол әрекеті бойынша сот процесі жүрмеген.   Футболшының сөзінше, осы оқиғаны Меган оның достарына айтып берген екен. Соның салдарынан екеуінің арасында ұрыс-керіс басталыпты. 

Арқасынан 9 рет пышақталған Меганның денесін полиция тауып алған. Қылмыс болған түні, жас футболшының ішімдік ішіп, есірткі қолданғаны белгілі болды. Оның ішінде, кетами, кокаин болуы ықтимал. Абырой болғанда қылмыскер ұсталып, кінәсін мойындады. Ол сот шешімімен өмір бойына бас бостандығынан айырылды.