Қытайдың Ухань қаласындағы госпитальдің бас дәрігері Лю Чжимин коронавирус салдарынан өкпесі қабынып, көз жұмды.
Reuters хабарлауынша, дәрігер 18 ақпан, сейсенбі күні қайтыс болған. Бұқаралық ақпарат құралы Лю Чжимин коронавирустан көз жұмған бірінші медициналық мекеме басшысы екенін хабарлады. Қытайдың орталық телевизиясы оның өлімін растады.
Ақпан айының басында дәрігер Ли Вэньляннің көз жұмғаны туралы айтылған болатын. Ол 2019 жылдың желтоқсан айында жаңа коронавирус туралы алғаш рет ескерткендердің бірі болды. Ол вирусты жұқтырып, келесі күні қайтыс болды.