21.02.2020, 12:40

Президент итінің құжаттарына байланысты Уханьда қалып қойған қызға телефон соқты (ВИДЕО)

Өз кезегінде, апатқа ұшыраған үйдің иесі Ришат Қалибек қарсы шағыммен сотқа жүгінетінін айтты.

Украина президенті Владимир Зеленский иті үшін Қытайда қалып қойған украиналық Анастасия Зинченкоға қоңырау шалды. Мемлекет басшысы қазір оны үй жануарымен бірге елге эавакуациялауға дайындық жүріп жатқанын мәлімдеді.

bzns.media ақпаратынша, Зинченко Зеленскиймен телефон әңгімесін камераға жазып алған. Видеодан қыздың таңғалғанын және аздап қобалжығанын аңғаруға болады.

Украина президенті қыздың жағдайынан енді ғана хабардар болғанын, мәселені жеке бақылауына алғанын атап өтті. Зинченко жақын арада итімен бірге үйіне оралатынына үміттенетінін жеткізді.

Украиналық қызды итінің құжаттарына байланысты Уханьнан эвакуациялаудан бас тартқан еді.

20 ақпанда Қытайдан жеткізілген азаматтар мінген ұшақ Киевтің Борисполь әуежайына қонды. Бортта 73 адам, соның ішінде 45 украиналық және 28 шетелдік болған. Олардың барлығы Полтавская облысындағы шипажайға жеткізілді. Мұндай шешімге наразы болған жергілікті тұрғындар бас көтерді. Оның соңы полициямен қақтығысқа ұласты.

Толқу орнына Украина премьер-министрі Алексей Гончарук пен ІІМ басшысы Арсен Аваков жетті. Билік өкілдері Қытайдан эвакуацияланғандардың бәрі таза екенін, сақтық шарасы ретінде карантинге алынғанын айтып, халықты тыныштандырды.