Коронавирус Қытайдың үш провинцияндағы бес түрмеге жетті. Қазіргі таңда 500-ге жуық тұтқын ауырып жатыр. Бұл туралы Қытай әділет министрлігінің өкілі Хе Пинг мәлімдеді.
Министрліктің мәліметінше, Чжэцзян провинциясындағы "Шилифэн" түрмесінде коронавирустың жаңа түрімен ауырғандар саны 34 адамға жеткен. Вирусты түрме қызметкерлерінің бірі жұқтырған. Ол 14-19 қаңтар аралығында Уханда болған екен, бірақ оны жасырып, жұмысын жалғастыра берген. 25 қаңтарда ауру белгілері пайда болып, 4 күннен кейін коронавирус анықталған. Мамандар бөлмелерді дезинфекциялағанымен тұтқындардың көбі ауруды жұқтырып алған.
Қытайдың шығысындағы "Шаньдун" провинциясында орналасқан "Жэньчэн" түрмесінде де коронавирустың белгілері табылған. 20 ақпандағы жағдай бойынша, түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан 200 сотталған мен қауіпсіздік қызметінің 7 қызметкері жұқтырған.
Сондай-ақ Қытайдың "Хубэй" түрмесінде де инфекцияның 271 оқиғасы тіркелген. Қазіргі таңда олардың арасында қайтыс болғандар жоқ.