$ 498.34  519.72  4.85

15 жастағы жасөспірім өзінен 4 жас кіші баланы қарға көміп, өлтірмек болған (ФОТО)

Зардап шегушіні тапқан ересек адамдар лезде жедел жәрдем тобын шақырып, ол ауруханаға жеткізілді.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

 

21 ақпан 2020 жылы Мурманск облысы Кандалакша қаласының Новая көшесінде 2004 жылы туылған кәмелетке толмаған бала 11 жастағы баланы ұрып-соғып, одан соң қылғындырып өлтірмек болған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Ресейдің тергеу комитеті өңірлік басқармасының сайтына сілтеме жасап.

Есін жоғалтқан баланы "өлді" деп ойлаған күдікті оны қарға көміп кеткен. Зардап шегушіні тапқан ересек адамдар лезде жедел жәрдем тобын шақырып, ол ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Оның денесінде зорлық-зомбылықтың іздері бар.

 

Күдікті тез арада анықталып, қамауға алынды, қазір тергеушілер онымен жұмыс істеп жатыр. Әрекетін қатал деп таныған тәртіп сақшылары соттан жасөспірімге бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішпен жүгінгісі келеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары